Мәснәуи бақшасынан
БІР ШОҚ ГҮЛ
Осман Нури Топбаш
Published by Erkam Publications at Smashwords
Copyright © 2011 by Osman Nuri Topbas
Smashwords Edition, License Notes
All rights reserved. No part of this publication may be reproduced, stored in a retrieval system, or transmitted in any form or by any means, electronic, mechanical, photocopying, recording or otherwise, without the prior permission of the copyright owner.
E-mail: english@islamicpublishing.net
Web site: http://www.islamicpublishing.net
МАЗМҰНЫ
Хазіреті Мәуләнә, Шәмсжәне ШәбиАрус
Аллаһтың табиғаттағы заңдылықтарынан тыс нәрселердің хикметі
Әлемдегі бірлікке деген бейімділік
Аллаһ Тағала бұйырады:
"... Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!.." (Әнбия, 105)
"Біліп қойыңдар, анығында Аллаһтың достарына қауіп-қатер жоқ, олар қайғы қасірет шекпейді де." (Юнус, 62)
"Оларға бұл дүниеде де, ақиретте де сүйінші бар..." (Юнус, 64)
Расулүллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бүйырады:
"...Шүбәсіз (нағыз) ғалымдар - пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар болса не динарды, не болмаса дирхамды мирасқа қалдырмаған. Олар мирас ретінде ілімді қалдырған. Кімде-кім ол ілімді алса, өте үлкен нәсіпке жеткен болады." (Тірмизи, Әбу Дәуіт)
Имам Ғазали (құддисә сирруһ) былай дейді:
«Пайғамбардың нағыз мұрагерлері - заһири (үстіртін мағынаны қарастыратын) және батыни (астыртын мағынаны қарастыратын) ғалымдар».
Хазіреті Мәуләнәдан (құддисә сирруһ):
"Раббым! Егер сенің мархабатыңнан тек салихтар ғана үміт етуі керек болса, күнәһарлар кімді паналайды?.."
"Ей, ұлы Аллаһым! Егер сен тек қас құлдарыңды қабылдасаң, қылмыстылар кімге барып жалбарынады?.. (Әрине, сен -мейірімділердің ең мейірімдісісің!..)"
"Бұл жан осы тәнде тұрған кезде Хазіреті Құранға құлмын; Хазіреті Мұхаммед Мұхтардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жолының топырағымын...
"Бір адам осы сөздерімнен басқа сөз айтса, ол сөзденде, ол адамнан да аулақпын..."
Біздерді иманның шабыты мен шаттығына бөлеген Аллаһ Тағалаға мадақ!
Адамзатты қараңғылықтан шығарып, нұрға беленуіне дәнекер болған әлемнің мәңгілік мақтанышы - Пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһиуә сәлләм) салауат!
Хақ Тағала "сырат мұстақимдегі" барлық мүминдерге жол көрсеткен қадірменді сахабалар мен үлы әулиелердің терең руханиятынан жүрегімізге пәк несібелер мен нұрлы шықтар нәсіп етсін!
Әмин.
Хазіреті Мәуләнәның жеті жүзден астам жыл бұрын ынтамен және ғашықтықпен жазған Мәснәуи шәриф шүбәсіз, өлмейтін көңіл туындысы ретінде, сол күннен бері көңіл төрінен орын тепкен.
Өйткені, көңіл топырақтың астында қалай шірімейтін болса, көңілден шыққан туындылар да сол сияқты, мәңгілікке айналады. Кеңіл ерлері қызметтерін бәрзах әлемінде де жалғастырып, ортамызда өмір сүреді. Олар тірілерден де үзақ өмір сүреді. Олардың фәни денелері топырақ болғанымен, көңілден шыққан туындылары қияметке дейін ешқашан өлмейді.
Осы несібе арқылы Раббыға қауышу - тек қана байлық пен дүниелікті жүрегінен тыс үстаған және атақ-абыройға бас имеген көңілімен иләһи ерікке (Құдайдың бүйрығына) мойынсүнған қас құлдарға тән.
Міне, Хазіреті Мәуләнәға да, оның кітабы Мәснәуиға да осы сипатпен қарау керек.
Тарихымызда шәриф сипатына ие болған үш көңіл туындысы бар. Олардың біріншісі - Бұхари Шәриф, екіншісі - Шифа Шәриф, үшіншісі - Мәснәуи Шәриф. Осы тамаша үш кітап Сұлтандар мешітінің лайықты адамдары тарапынан оқытылған.
Осы берілген жоғары бағалардың бірі ретінде Шәйхулислам Ибн Кемал Паша Мәснәуиға байланысты көрген шынайы түсін былай баяндайды.
Түсімде Расулұллаһты (саллаллаһу алейһиуә сәлләм) көрдім. Қолына Мәснәуиді ұстап, былай деді:
"Көптеген рухани кітаптар жазылды. Бірақ осылардың ішінде Мәснәуи сияқты кітап жазылмаған."
Абдүррахман Жами Хазіреті де Хазіреті Мәуләнә жайлы:
"Ол үлкен әулиенің сипаты мен ұлылығы жайлы мен не айтайын? Оның Мәснәуиі - теңдесі жоқ рухани әлем,"-деген.
Расында, Мәснәуи - руханилық пен сырдың дариясы. Тасаввуф ақиқаттары мен рухтың сырларын сол сияқты тамаша баяндаған кітап өте сирек. Мәуләнә адам санасы түсіне бермейтін тасаввуф тақырыптарын рухани сөздер мен хикметті хикаялар арқылы оқырмандардың көңіліне сіңіреді.
Мәснәуиді түсіндіпушілер:
"Құрән Кәрім «اِقْرَأْ» "Оқы"; Мәснәуи болса «بِشْنَوْ» "Тыңда" деп басталуын түсіндірген кезде, «بِشْنَوْ» "тыңда" деген сездің «اِقْرَأ» "оқы" сөзінің тәпсірі екендігін... айтып:
"Иләһи кәләмді тыңда! Сырларды тыңда! Өзіңдегі жасырын ақиқаттарды тыңда!" деп түсіну керек дейді.
Басқаша айтқанда, Мәснәуи - Құран Кәрімнің ақиқаты мен сырларынан көңіл иелеріне ұсынылған тамшылар.
Мәснәуи - Хазіреті Мәуләнәның жан-дүниесінің өлең шумақтарына төгіліп, жазылған түрі.
Мэснәуи - Хазіреті Мәуләнәның Шәмспен бастаған рухани саяхатында жеткен айбынды ақиқаттардан барлық адамдардың түсінігі мен қажеттіліктеріне қарай жазылған бір сый.
Сонымен қатар Мәснәуи - Хазіреті Мәуләнәның көңіл қайғысынан тасып тегілген бір жан дауысы. Ол осы айғайымен, қайғысын бөлісетін көңіл таба алмағаны себепті, жоғалтып алған Шәмсі үшін үнемі қасірет шеккен.
Хазіреті Мәуләнә Мәснәуиді былай тамамдайды:
"Мәснәуи - ақиқатқа жетіп, иләһи сырларды білгісі келгендер үшін нұрлы жол."
Кония қаласы климатын, түрін, үйлесімділігін содан алған. Оның фәйзіне бөленгелі жеті ғасыр болды. Хазіреті Мәуләнә, Мәснәуи және Кония, бейне бір мағынаның әртүрлі атаулары іспеттес. Біреуі айтылса, басқалары еске оралады.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) басынан еткізген, сезген көңіл ғажайыптарын (халдерін) кітапқа түсіріп, адамзатқа үлкен бір сыйлық етіп қалдырған. Мәснәуидің мазмұнын оның мына екі шумағымен қысқаша баяндауға болады:
"Егер де сенің көңілің бар болса, көңілдің Қағбасына тауап қыл! Топырақтан, тастан жасалған Қағбаның негізгі мағынасы да - көңіл."
"Аллаһ Тағала кірлерден тазарған, арылған көңіл Қағбасына қол жеткізсін деп көрінетін, білінетін Қағбаны тауап етуді парыз еткән."
Мәснәуи - терең сырларға толы сыр кітабы. Адамның танымы мен адам рухының сөзбен сызылған бейнесі. Хазіреті Мәуләнә адам рухының түбіне сүңгіп, жан-дүниесін керген. Міне Мәснәуи - осы зерттеу мен жаңалықтардың хабары. Хазіреті Мәуләнә төмендегі шумақтарында жаратылыс сыры мен өз жан-дүниесін қандай тамаша көрсетеді:
"Мен құл болдым, құл болдым, құл болдым..."
"Мен әлсіз құл, құлдығымды атқара алмағандығымнан ұялдым. Сөйтіп, мен басымды идім..."
"Әрбір құл азаттыққа шыққан кезде қуанады. Иләйым! Мен болсам, саған құл болғаным үшін қуандым... "
Бұл сөздер Хазіреті Мәуләнәның құлдық ынтасы мен шабытын көрсетуге жеткілікті. Онсыз да Аллаһ Тағала адамның жаратылу мақсатының да құлдық екендігін былай баяндайды:
وَ مَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَ اْلاِنْسَ اِلاَّ لِيَعْبُدُونِ
"Мен адамдар мен жындарды тек қана маған құлшылық етсін деп жараттым!" (Зәрият, 56)
Мәснәуи Хазіреті Мәуләнәның мүриді Хұсамәддинмен болған сұхбаты. Сонымен басталады, сонымен жалғасады. Екеуінің біреуі болмаса, рухани қатынас тоқтайды. Байланыс үзіледі. Біріксе, көңілдері толады. Шумақтар бірінен соң бірі төгіле бастайды.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ):
"Мен бұл Мәснәуиді Хұсамәддинге арнап жаздым!.. "-деп, сырын қалаған ауқымда аша алмағандығына қынжылады. Өйткені, Шәмс сияқты ғашықтықтың теңізінен айырылып қалған. Кім білсін, Хазіреті Мәуләнә Мәснәуи кітабын Хазіреті Шәмспен бірге жазғанда әлі қаншама сырларды паш ететін шумақтар өмірге келіп, олардан буырқанған бұлақтар ағар ма еді.
Хазіреті Мәуләнә бағытында болған Фәридұддин Аттар (құддисә сирруһ) да тура сол сияқты өзін түсінетін және сырын сақтай алатын дос таба алмағандығына қынжылады. Мына сөздері арқылы, бейне бір, әрі өзінің, әрі Хазіреті Мәуләнәның халін баяндайтын секілді:
"Мен сыр әлемінен ұшқан бір құс едім. Төменнен жоғарыға бір жем алып келу үшін (сырымды түсінетін бір дос табу үшін). Бірақ, сырды сақтай алатын ешкім таба алмадым. Келген есігімнен қайта шығып кеттім."
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) Мәснәуиде бір-бірімен тығыз байланысты жүздеген хикаяларды баяндағанда ақылға салып, салыстыру арқылы адамдардың сол хикаялардан сабақ алуын мақсат еткен. Яғни ол адамның түсінуі қиын болған метафизикалық оқиғаларды көзге керсеткен. Әйтпесе оның мақсаты - адамдарға кейбір тәмсілдерді баяндау емес. Мұны өзі былай деп жеткізеді.
"Мақсат - қиссадан сабақ алу; әйтпесе саған хикая айту емес!.."
Насихатын, кеңесі мен ескертулерін хикаялармен түсіндірген Хазіреті Мәуләнә баяндаған қиссаларының астарында жатқан шынайы мағынасы мен мәнінің түсінілуін қалайды:
"Ей, бауырым! Қисса бір өлшегіш сияқты, мағынасы - ондағыдән... Ақылды адам дәнді алады, өлшегіш бар ма, жоқ па оған қарамайды!"
"Хикаяны тыңца, бірақ дәнді сабаннан ажыратуды умытпа!
"Менің айткдндарым бос, әншейін хикая емес. Ойлан: бұл - сені мен менің қазіргі халіміз..."
Осы сөздерден түсінікті болғанындай, Хазіреті Мәуләнә өз хикаяларында көптеген насихаттар мен үндеулердің бар екендігін, сондықтан келтірілген мысалдардың сыртқы мазмұнына тіреліп қалмай, негізгі мағынасын түсіну керектігін айтады.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) хикаялары мен сөздерінде, таза көңілге ие болудың тек пайғамбар ізімен жүрген кәміл мүршидтің тәрбиесінде болу арқылы мүмкін болатындығын жеткізеді. Адам нәпсінің кедергісінен құтылмай - ілімі парасаттылыққа кетерілмейтіндігін, жаратылыс мақсаты мен адамдық қасиетіне қауыша алмайтындығын және өзінің құпиясын аша алмайтындығын тілге тиек етеді. Нәпсінің қатерінен қорғану үшін иләһи ұлылықтың алдында өзінің "ештеңе емес" екендігін түсіну арқылы нәпсісін тану керектігін, мағрифат жолына тек қана рухани өмір және иләһи махаббатпен шығуға болатындығын баяндайды.
Хазіреті Мәуләнә амал етілмеген, парасаттылыққа айналмаған ілімді былайша түсіндіреді:
"Амал етілмеген хикметті сөз, қарызға алынған әдемі киім сияқты; солай деп біл!.."
Қазір Хазіреті Мәуләнәның жеті жүз жыл бұрын көрсеткен мейіріміне қаншалықты мұқтажбыз. Оның жаратушы үшін жаратылғандарға деген сүйіспеншілік, махаббат және мейірімнен пайда болған сезімі мен Раббысына жасаған мына бір мінәжаты қандай тамаша:
"Раббым! Егер сенің мархабатыңнан тек салихтар ғана үміт етуі керек болса, кунәһарлар кімді паналайды?.."
"Ей, ұлы Аллаһ! Егер сен тек қас құлдарыңды қабылдасаң, қылмыстылар кімге барып жалбарынады?.. Әрине, сен - мейірімділердің ең мейірімдісісің!.."
Раббымыз Хазіреті Мәуләнәға нәсіп еткен терең көңіл бағынан бізге де сол арқылы "алқызыл түсті бір шоқ қалампыр" және "бір аяқ су" нәсіп етті:
Шәкірт кезімде рухыма осы ләззәтті сезімді сіңірген, Мәснәуиді сөзбен емес көз жасымен түсіндірген марқұм ұстазым Абдұлқадир Мырза (Яман Дәдәнің) рухы шат болсын!
Раббымнан рухыма әулиелердің сүйіспеншілігін сездірген, фәйзімен, тіпті еске алынған кезде көңілге қуаныш беретін Аллаһ досы үлкен әулие - ұстаз Махмуд Сами Рамазанұлының шапағатын тілеймін.
Раббымнан құрметті ұстазым, әкем Мұса Мырзаға денсаулық, ғибадат пен иршад жолында үзақ өмір тілеймін.
Құрметті оқырмандарым!
"Мәснәуи Бақшасынан бір шоқ гүл" деген атпен ұсынылған Бұл кітаптың мазмұны, Аллаһ достарының шипа бұлағы болған көңіл бақшаларынан жинақталған "алқызыл түсті бір шоқ қалампыр" және "бір аяқ су".
Раббымнан тілейтінім - осы "алқызыл түсті бір шоқ қалампыр" мен "бір аяқ су", руханияттардың көріністері арқылы жүректе "алаулар мен отты сезімдер" және көңілде "зәмзәм" бұлақтар тудырсын. Осы орайда сіздерден де өтінерім:
Ең алдымен әлемнің жаратылу себебі, сырлар мен нұрдың қайнар көзі Хазіреті Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) рухына және оның таңдаулы сахабаларының, барлық әулиелердің, әсіресе көңіл сұлтаны Хазіреті Мәуләнәның, фәйз бұлағы – Азиз Махмуд һүдайи Хазіретінің, руханиятынан пайдаланған басқа да жол көрсетушілеріміз - Алтын тізбектегі ұстаздарымыздың рухтарына және ұстазымыз Мүса Хазіретінің рухына бір "фатиха" бағыштауларыңызды тілеймін!
Раббымыз, өміріміздің соң сәтін, бізге де шәби арус (той кеші) етсін!..
وَ مِنَ اللهِ التَّوْفِيقُ
Әмин!
Осман Нури ТОПБАШ
1. Рамазан 1416/21 қаңтар 1996
Стамбул
ХАЗІРЕТІ МӘУЛӘНӘ, ШӘМС және ШӘБИ-АРУС
Көздіңжасы едім; қуанышқа бөлендім...
Ғашықтық дариясына шомылдым;
ақыры бақи мекенге жеттім..."
Хазіреті Мәуләнә
Мәуләнә Жәләладдин Руми отбасымен Конияға орналасқан соң, оқуын тәмәмдау үшін Халеб пен Шамға барады. Сол кезде шамамен отыз жаста болатын.
Бір күні Шамның иін тірескен базарынан өтіп бара жатқанда өзгеше киінген бір адам:
"Әкел қолыңды сүйейін, ей, әлемдердің зергері!.." дейді.
Жәләладдид Румидің қолына жабысып, құшырлана сүйеді. Сосын бірден қалың адамның арасына сіңіп кетеді. Жәләладдин Руми күтпеген бұл жағдайға қатты таңқалады. "Бұл не іс?"-деп, қайран қалады. Ғажайып ерекше адам ол үшін бейне бір тылсым сияқты болады.
Көп жылдар өткен соң Жәләладдин Руми бір күні Кониядағы медресесіндегі дәрістен шығып, шәкірттерімен сұхбаттасып отырғанда, алдында Шамда қолын сүйіп, өзін қайран қалдырған адамды көреді. Бұл адам Шәмс Тәбризи еді. Ол да Жәләладдин Румидің сұхбатына қатысады. Ерекше толқып, оған мынадай ғажайып сұрақ қояды:
"Баязиди Бистами үлкен бе, әлде Хазіреті Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үлкен бе?"
Мөуләнә Хазіреті үрейленіп:
"-Бұл қандай сұрақ?! Әлемге рахмет ретінде жіберілген ұлық пайғамбар мен барлық жетістігі тек оған мойынсуну ғана болған бір әулиені салыстыруға бола ма екен?!" - деп, ашу шақырады.
Шәмс Тәбризи еш қысылмай, сұрағын былайша түсіндіреді:
"Олай болса, Баязид неге Раббысынан жәһәннамға түсуін және ол жерде денесінің басқа күнәһарларға орын қалмайтындай дәрежеде үлкеюін сұрап, бірақ кішкентай ғана иләһи көрініс алдында: "Атағым қандай үлкен! Өзімді пәктеймін де мадақтаймын!.." десе; Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сансыз көріністерге ие бола тұра үлкен қарапайымдылық танытып, қол жеткізген нығметтерін жеткілікті санамай, Раббысынан сұрай берді, сұрай берді?.. "-дейді.
Бұл түсініктеме Хазіреті Мәуләнәны тек қана ақылмен жеткен сыртқы ілімнің шегіне жеткізеді. Осындай дәрежеде тұрып бұл сұраққа жауап беру мүмкін емес еді. Шәмс хал қаруымен оны одан әріге итермелейді. Алды ұшы қиыры жоқ "ләдүн әлемі". Осылайша Шәмс, алдындағы адамды бойында бола тұра өзі білмеген рухани бір атмосфераның көкжиегіне қарай аса жылдамдықпен көрегенділік саяхатына шығарады.
Осы бір сәттегі өзгерістің әсерінен Хазіреті Мәуләнә алдында оқыған сыртқы ілімнің бір талқыламасын айтқанындай қиналмастан, былай деп жауап береді:
"Баязидтің "Атағым қаңдай үлкен; өзімді пәктеймін де мадақтаймын! Мен сұлтандардың сұлтанымын!.."" сөзі бір тоқтық халін білдіреді. Яғни оның рухани шөлі кішкентай ғана көрініспен қанды. Рухы енді сұрамайтындай болды. Масаңдыққа салынды. Мұхиттың сиымдылығы шексіз, бірақ одан шөл кондырушының шамасы осынша ғана еді.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) болса, «اَلَمْ نَشْرَحْ لَكَ صَدْرَكَ» сырына жеткен еді. Көріністер оны жан-жақтан қоршады. Бірақ әлемдей кең жүрегі бір түрлі тоймады. Шөлдегеннің үстіне шөлдеп, ішкен сайын шөлі қанбады. Сәт сайын бір халден екінші бір халге көтеріліп, әрбір көтерілген сайын алдыңғы халіне тәубе етті. Сондай-ақ:
"Мен күніне жетпіс рет ( бір риуаятта жүз рет) тәубе етемін!"- деген.
Өйткені Ол ұлы Жаратушысына әрбір сәт жақындай түсуді қалады. Өйткені ынтасы шексіз, құл мен Рабб арасындағы қашықтық та шексіз еді. Сол себепті көбіне:
"Уа Раббым, Сені қажетінше, лайыкты түрде тани алмадым... Саған лайықгы түрде құлшылық ете алмадым..." - деп мінәжат ететін."
Шәмстің міндеті - алдындағы адамның түсінігін, рухани тереңдігін, сыртқы іліммен жете алмайтын осынау мәртебеге көтеру еді. Сол үшін естіген жауабы арқылы ұлы мақсатына жеткен адамдардың үлкен шаттығын сезініп, есі шығып қуанады. Осылайша екі руханият жұлдызының арасында өмір бойы жалғасатын нүрлы байланыс орнайды.
Осыдан кейін Мәуләнә Хазіретінің рухындағы рухани теңіз тынымсыз толқи бастайды. Сол сәтте бейне бір сіріңкемен мұнай теңізі жағылғандай Мәуләнәның кеңілі алаулай жанады. Шәмс Төбризи осылайша Мәуләнәның көңіліне от қояды, бірақ алауының ішінде өзі де жанатындай үлкен жарылысқа тап болады. Енді түсініктер мен несібелер бірлеседі.
Осы оқиғадан соң алдында толықтай зүһд жолымен ғибадат жасап, тыныш ұстаз ғана болып жүрген Хазіреті Мәуләнәның рухани қуаты бірден ішіне сыймай шынайы -шабытпен өмір сүргенін көреміз. Шәмс Тәбризидің міндеті де осы, руханият теңізіне от қою еді.
Сондай-ақ Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) ғашықтыққа, ынта мен шабытқа толы өмірін үш сөзбен және үш сатыда былайша баяндайды:
"Шикі едім, пістім, жандым!.."
Соңғы саты тасаввуфта "фәнә филләһ" және "бәқа билләһ" деп аталады.
Құл "фәнә филләһта" нәпсілік болмысын жойып, барлық құмарлықтарынан құтылады. "Бәқа биллаһта" болса, Аллаһтың көңілдегі көрінісін сезінеді. Бұл мәртебеге жеткен құлдың жүрегінде тек Аллаһтың нұры жарқырайды.
Адам деген кім? Ол - адами түсініктің тек себептер мен сылтауларға сүйене отырып, түсінуге тырысқан Раббысының айбынды ақиқаттарынан осы күрделі әлемге түскен көріністің өзегі... Өзгеше көріністегі бір әлем!.. Жанды Құран... Бірақ өзінің ақиқаттарына салыстырғанда жоқ деп саналатындай кішкентай бөлшегінің ғана ашылып, түсінілетін жаратылыс...
Рабтың ерекше сыйларының бірі, кейбір адамдарға өзінің болмысы мен ұлылығының көкжиегіне самғайтын қабілет пен ерекше қасиет беріліп және оларға осы сапарда жол көрсетушілер жіберіледі. Бұлар - адамзат әлемінің жүздеген жылдар бойғы қарапайым оқиғаларын жасыра алмаған ерекше тұлғалар. Міне Шәмс де Мәуләнәны осы сапарға шығарған жол көрсетуші. Мәуләнә болса басында да, рухында орын алған және кейіннен түсінуге қол жеткізген осы ләдүн (жасырын) өлемінің алғашқы жол сілтеушісін адалдық сезімі арқылы емір бойы үмытпаған. Әйтпесе оны баяғыда артқа қалдырған еді. Бәлкім осыдан кейін Шәмс бір мүрит (шәкірт) дәрежесінде еді.
Мөуленә Хазіреті Шәмспен Конияда қырық жасында кездескен еді. Оның осы кездесуден бұрынғы халімен оны екінші Ғазали деп сипаттауға болады.
Хазіреті Юнус, Хазіреті Мәуләнә хақында былай дейді:
Жүрек сұлтаны Мәуләнә-
Бізге назар салғалы,
Көңіл айнамыз ашылып,
Таса жері қалмады.
Мәуләнә Хазіреті алғашқы кезеңінде тек қана фақих еді. Заңгер еді. Өте көп шәкірттері бар еді. Ауқатты, бай адам еді. Ол Шәмспен жолыққаннан кейін бұрынғыдан да мықты ғалым, фақих, өзгеше бір заңгер болған жоқ. Сыртқы ілімі өзгерген жоқ. Бұлар артта қалды.
Жәләладдин Руми Шәмспен кездескеннен кейін нағыз Мәуләнә болды. Ол Шөмспен кездеспей түрғанда бір ғалым еді; кездескеннен кейін ғалым - ғашық, көңілі отты ариф болды.
Мәуләнә (құддисә сирруһ):
"Ғашықтыққа жетер мұғалім жоқ!.." дейді.
Ол бұрынғы ғалым болған кезін "шикі едім" деп сипаттайды. Кейінгі халін, ғашық ғалымға айналғанын сондай-ақ, кәмілдікпен және салмақтылықпен сипаттайды.
Негізгі мәселе - "Шәмс Мәуләнәға не берді? Не үйретті?"-деген сұрақтардың жауабы. Бұл - Шәмстің оған ақылдың тұтқынынан құтылудың жолын үйретуі. Өйткені, ақылдың шегі белгілі. Арғы жағы - адасу. Көңілдің шегі жоқ, мәңгілік. Саябыр табар жері - фәнә филлаһ.
Шәмс Жәләладдин Румиге өзін, яғни қолындағы құндылықтарды, танытып, аяғындағы кісенді шешті. Өйткені, Мәуләнә ұшуға әзір бір қыран еді. Шәмс оның аяқ бауын ағытты. Оған көңіл терезесінен арғы жақты көрсетті.
Осыдан кейін Хазіреті Мәуләнә, жарықтың айналасындағы көбелек сияқты, Шәмстегі көріністің жетегіне еріп алаулап жана бастады.
Хазіреті Мәуләнә Диуан Кәбир кітабында Шәмспен болған оқиғаны былайша баяндайды:
"Шәмс Мәуләнәға:
"Ғалымсың, басшысың, жол сілтеушісің, салтанат иесісің!.. "-деді. "
"Мәуләнә Оған:
"Осыдан кейін сыртқы әлемнің ғалымы емеспін, басшысы емеспін, жол сілтеушісі емеспін... Сен жаққан шырақтың жарығында ақылдан тыс бір әлемде пақыр әрі ғаріп жолаушымын... "-деді."
"Шәмс қайтадан:
"-Сенде әлі ақыл бар! Сол себепті диуана бола алмағаның үшін бұл үйдің тұрғыны емес, бөтенсің!.."-деді."
"Мәуләнә да:
"Осыдан кейін ақылыма көңіліммен бүркеніш жаптым... Диуана болдым, Сенің көмегіңмен енді осы әлемнің тұрғыны болдым!.." деді."
"Шәмс тағы да:
"Сенде ес бар! Мас емессің! Бұл әлемнен тысқарысың! Бұл әлемге жарық беретін ақыл емес, ғашықтық. Көз алдыңды көре алмайсың!"-деді."
"Мәуләнә Шәмсқа:
"Осыдан кейін сенің жәрдемің арқылы бастан - аяқ от болдым. Жан-жағымды ғашықтық пен мастық жаулап алды!.. "-деді. "
"Бұл жолы Шәмс:
"Сен бір жамағаттың шам-шырағысың! Орның жоғары!.. "-деді. "
"Мәуләнә болса:
"Енді Бұл шырағым сөнді. Мен үшін олардың, жарқырауық қоңыздың жанып-сөнген жарқылынан айырмашылығы жоқ!, Енді басқа шырақтың жарығымен жүремін!"-деп жауап қатты."
"Шәмс:
"Сен өлген жоқсың. Сен сырттай тірісің! Бұл есіктің арғы жағына бұлай өтуге болмайды! Фәни болмысыңды, барлық атақ-абыройыңды тәркі етуің керек... "-деді."
"Мәуләнә:
"Ол бұрын болатын! Сені танығаннан бері адамдар білгендей тірі емеспін. Басқа тіршілікке қауышып, өлдім!.."-деді. "
"Шәмс оған:
"Әлі нәпсіңе сүйенесің! Атақ-мансабың жойылған жоқ! Осылардан құтыл!"-деді."
"Мәуләнә:
"Осыдан кейін сенің мені жетелеп әкелген ләдүн әлемінде мансап іздеп жүрмін... Бұрынғы болмысыма тән барлық нәрсені тастадым, олар артта қалды!.."-деді."
"Шәмс:
"Қолың, қанатың бар! Мен саған қол, қанат бере алмаймын!.."-деді." "Мәуләнә:
"Осыдан кейін сенің қол мен қанатың болу үшін, қолым мен кднатымды сындырдым..."-деді."
Осы шешімдерден кейін міндетінің аяқталғандығын түсінген Шәмс, оған иләһи көріністерге толы мәңгіліктің көкжиегінде күйіп өртенуі үшін бір кднаттақты... Өйткені, оны қауышуданайырып, іңкәрліктің берекелі атмосферасында жалғыз өзін қалдырған еді.
Мұсылмандардың иман нұры Хазіреті Омардың Исламды қабылдауымен қалайша күшейсе, Шәмс Тәбризи Хазіретінің рухани міндеті Хазіреті Мәуләнәмен солайша аяқталған еді. Сол сәтке дейін кімнің әлемнің шәйхы екендігін білмеген Хазіреті Шәмс Хазіреті Мәуләнәның махаббат сәулесімен жарқырап, аты аңызға айналды. Бұл екі үлкен мүршидтің бір-бірлеріне деген сүйіспеншіліктері мен құрметтері шынайы мүрид пен мүршид арасындағы халді қандай тамаша көрсетеді.
Хазіреті Шәмстің Хазіреті Мәуләнәға берген сыйы мақрүмдық, ынтызарлық қасірет және махаббат қана еді. Осы махаббат пен ынтызарлық қасіреттің ең тамаша үлгісін пайғамбарымыз дәуірінде Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) мен Хазіреті Фатиманың (радиаллаһу анһә) өмірінен байқаймыз.
Хазіреті Әбу Бәкір Сыддық Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрбір кездескен сайын өзгеше бір ынта мен құштарлық халін басынан кешіретін. Қасында болса да, Оған деген махаббаты мен ынтықтығы басылудың орнына, одан бетер арта түсетін.
Ғашықтардың бас тәжі Хазіреті Фатима анамыз, Пайғамбарымыз ақиретке көшкен кезде былай деді:
"Әлемнің Нұры ақирет әлеміне көшкен кезде мені сондай бір ауыр қайғы басты. Егер ол қараңғылыктың басына келсе оның түрі өзгеререді..."
Міне осы махаббат пен ғашықтық жолымен жүрген Хазіреті Мәуләнә да Шәмстен айырылып қалганда оған деген ынтықтығынан күйіп жанды. Оның осы айырылуы мен ынтықтығының нәтижесінде 26.000 жолдан тұратын МӘСНӘУИ жарыққа шықты.
Мұндай айырылудың сырын ең айқын сезімімен Хазіреті Мәуләнә ұсынған еді. Оның:
Мағрифатқа ие адамды көрсететін сыбызтыны тыңда! Айырылудың шағымының қасіретін іш!.. - деп басталған Мәснәуи кітабы - негізінде, бір тамаша сағыныш зары. Мұхаммеди НұрХазіреті Мәуләнәға Шәмсарқылы берілгендіктен, Шәмстен айырылғаны ол үшін үнемі қасірет болған.
Оны шексіз руханият дариясында көңіл сапарына шығарған Шәмс Тәбризи болғаны үшін, рухы өмір бойы жарықтың айналасындағы көбелек сияқты оған құштар болып, соны іздейді. Ол мәжнүн сияқты бір түрлі жете алмаған Ләйләсымен лаулап жануға міндетті болған.
"Шәмс аман!" деген адамға үстіндегісінің бәрін беретін. Достары мұның жалған екендігін айтқанда:
"Мен оның өтірігіне мыналарды бердім. Шындығына жанымды берер едім, "-дейді.
Хазіреті Мәуләнә осы сағыныш отына жанған көңіл қасіретін былайша баяндайды:
"Менің ішкі жан-дүнием неге жылайды?" "Менің қайғым мен ауыртпалығымды кім біледі?"
"Барлық адам мені өз қабілеті мен икемділігіне қарай тыңдайды. Жаман адам мені өз сезіміне қарай жорып, солай түсінеді. Хақ жолындағы адам болса мен арқылы руханияты артып, сезімі лаулайды және сыбызғы оған шипа береді."
Хазіреті Мәуләнә Мәснәуи кітабында "сыбызғыны тыңдағандардың оның үні арқылы пәк сезімдерге жетуін қалайды. Рубаятында былай дейді:
"Сыбызғыны тыңда, не айтатынына құлақ сал! Аллаһтың жасырын сырларын паш етеді. Өңі сарғайып, іші бозарып, басы кесілсе де сырнайшыныңдеміне тәуелдібола түра тілсіз, сөзсізжар салып, "Аллаһ, Аллаһ..."-дейді."
Ғашықтық пен махаббат отына күйген Хақ ерлерін бейнелейтін сыбызғы - ішінде пәк бір ғашықтықтың оты лаулаған аспан.
Өйткені ол өзі өскен қамыс арасынан кесіліп алынып, бауыры отпен күйдіріліп тесілген. Басына, аяғына, тіпті тесіктерінің арасына метал кедергілер мен сымдар тағылған, яғни кісенделген, сол себепті де қурап, бет-бейнесі солып, сарғайып кеткен.
Сол себепті сыбызғы хал тілімен былай дейді:
"Мен бұрын қамыс арасында едім. Тамырым мен көңілім суда, топырақта болатын. Ол жерде назданып тербеліп, әрбір ескен желге бағынушы едім. Бірақ бір күні мені қамыстың арасынан кесіп алды. Тәнімді ғашықтық отымен құрғатып, тесті. Денемді жаралады. Сосын мені керемет демі бар адамның қолына берді. Оның ыстық, ғашықтық демі менің ішімнен етті. Бұл дем ішімдегі ғашықтықтан басқаның бәрін жағып күл қылды. Мені баурап алды. Егіліп жылай бастадым. Ішімнен шыққан бұл айғай барлық сырымды паш етті.
Қысқасы, менің сырларым әуенге айналды. Бірақ көзі, құлағы және көңілі перделі адамдар менің бұл сырымнан бейхабар."
Адам да дәл солай.
Ол иләһи әлемдегі орнынан осы дүниеге әкелініп, адамдық санатқа қосылып, сағыныш отына күйіп, жүрегі қарс айырылған.
Бірақ, барлық адамның басындағы бұл ақиқат тәфәккүр мен сезімталдық жөнінен ерекшеленіп, кәміл адам халіне келген кезде жарыққа шығады. Яғни, түсінілетін болады.
Сондықтан да жоғары әрі кәміл адам әрбір қараған жерінде, әрбір көрген нәрсесінде иләһи хикмет пен сырларды тамашалаған адам. Иләһи сырлар мен өнерді көріп, Хаққа деген махаббаттың ең отты халіне бөленбеу мүмкін бе?
Сол үшін Мәуләнә (құддисә сирруһ) кәміл адам бола алмай, иләһи сырларды түсінбегендерге қиналады. Іші күйеді. Сондайхалды басынан кешірген қайғылы Юнустың:
Мен бір ғажайыппын,
Ешкім менің халімді білмес!
Мен сөйлеймін, мен тыңдаймын,
Ешкім менің тілімді білмес!
Менің тілім - құстың тілі.
Менің елім - достың елі.
Мен - бұлбұлмын, досым - гүл,
Менің гүлім солмайды, біліңдер - түрінде баяндаған бір рухи халде өзіне жұбаныш көзін іздейді. Бір бәйітінде (шумақ) былай дейді:
"Кәһф иелері өздерін естімейтін, түсінбейтін сезімсіз бір қауымның ішінде қалғандықтан ұйықтады. Рухани жамағат пайда болған кезде оятылды."
Сондай-ақ Хазіреті Мәуләнә дұрыс және терең түсіну турасында ықтияттылығы соншалық, Мәснәуидің алғы сөзінде былай дейді:
"Көңілі таза әрі сезімтал болғандар мен ақиқатқа ынталылардан басқасының Мәснәуиге тиісуіне рұқсат жоқ."
Өйткені Хазіреті Мәуләнә да көптеген ақиқат жолындағылар сияқты, өзін және сөзін қате түсініп, қазбалаған адамдарға ескерту ретінде былай дейді:
"Бұл жан осы тәнде түрған кезде Хазіреті Құранға құлмын; Хазіреті Мұхаммед Мұхтардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүбәрәк әрі нұрлы жолының топырағымын...
Бір адам осы сөздерімнен басқа сөз айтса ол сөзден де, ол адамнан да аулақпын..."
Үлкен әулие өлім кешін "шәби арус" (той кеші), яғни дүние жырақтығынан құтылу, қауышу түрінде танымдайды. Өлімнің - рухтың еркіндікке қауышып, шынайы елімсіздік пен мәңгілікке сапар шегу екендігін, мына жолдары арқылы қандай тамаша баяндайды:
"Өлген күні табытымды алып бара жатқанда менде бұл дүние уайымы қалды деп ойлама!"
"Мен үшін жылап, әттеген-ай, "па, па!" деме! Маған топырақ салғанда да "қош, қош!" деп айтпа!"
"Қабір бір перде ғана, оның артында жәннәттың шаттыгы бар!"
"Батуды көрдің емес пе! Шығуды да тамашала! Күн мен айдың батуынан оларға ешқандай зиян бар ма!"
"Жерге қандай тұқым егіп ол шықпай қалды деп уайымдама! Адам дәні өспейді деп ойлама!"
"Топыраққа қойылдым деп ойлама! Аяғымның астында жеті қат көк бар."
Осылай деген Хазіреті Мәуләнәның рухы еш күмәнсіз, жеті қат көкген асып, Раббысының жолында пида болған.
Хазіреті Мәуләнә тағы бір шумақтарында былай дейді:
"Ей, жан! Сенде осы топырақ пердесімен жабылған жасырын өмір бар... Осы жерде ғайып әлемінде жасырылған жүздеген Юсуф сияқты сұлулар бар..."
"Бұл тән бейнесі, яғни дене, топыраққа құрбан етілген кезде, сол жан бейнесі қалады..."
"Ол тән бейнесі фәни, жан бейнесі болса мәңгілік..."
"Өлім, рухтың баскд бір әлемде туу оқиғасының белгісі екендігін біл. Яғни бұл фәни әлем үшін өлім деп аталады, бірақ мәңгілік әлемдегі аты туу!.."
"Әрі жанды Аллаһ алады емес пе - өлім қас қулдар үшін шекер сияқты тәтті екенін біл."
"Сондай-ақ өлім от болса да, Аллаһ достарына гүлстан сияқты өмір нәрі."
"Өлімді қорқынышты қылатын, оны қиындататын мына тән қапасы. Тәнді бір қабық сияқты сындырсаң, өлімнің інжу тәріздес екендігін сен де көресің!.."
Аллаһ достарының ең маңызды ерекшеліктерінің біреуі иләһи махаббатқа белену. Хазіреті Мәуләнә да мына бір бәйтінде, рухында алаулаған ғашықтық отының өліммен де сөнбейтіндігін былайша жеткізеді:
"Өлімімнен кейін менің қабірімді ашып, ішімнің алауынан жанған кебінімнен қалай түтін шыққанын көр!"
Осы сөздерінен байқалған ғашықтық халімен Хазіреті Мәуләнә, өмір бойы үнемі осылайша лаулаған нағыз ғашықтарды іздеген. Ол былай дейді:
"Маған, ішіндегі алаудан қиямет болып, көңілінің жалынымен отты да күл ететін ғашықтар керек! Көк, оның күнді солдыратын нұрына қарап, "Машаллаһ, Машаллаһ! (бәрекелді, бәрекелді)" деуі керек!.."
Ұстаз М. Әсғат Әрбили (құддисә сирруһ), осындай ғашықтардың рухани мәртебесін баяндаған бір шумағында былай дейді:
Ne mümkin bunca ateşle şehid-i ışkı gast etmek
Cesed ateş kefen ateş hem ab-ı hoş güvar ateş
(Осыншама отпен ғашықтық шейітін жуу мүмкін бе? Тән от, кебін от, шейітті жуатын жағымды тәтті суда от!)
Өлім төсегінде жатқан бір ғашықтан: "Өлім сәтінде қалай күлесің?"-деп сұрайды. Ғашық былай деп жауап береді:
"Ұшып барам.. Қазір барлықденем ауыз болып күлімдеп тур!.. Қазір ернім басқаша күледі!.."
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
"Өлген кезде күлмеген адамды "шамға" ұқсатпа! Ғашықтықтың жолында шам сияқты ерігендер, жұпар сияқты хош иіс аңқытады."
Хазіреті Мәуләнә осылайшажан еркімен күлімдеп, осы әлемнен ғайып әлемге көшіп, өмір бойы сағыныш отына өртене күткен той кешіне, шәби арусқа қауышқан.
Жамағаты оның соңынан нөсердей көз жастарын төгіп жатқанда, сол қауышу жолаушысының табыты да ерін болған еді. Өз түсінде солған гүл сияқты күлімсіреді.
Сұлтан Уәләд Ибтида намәсінде әкесінің жаназа көрінісін былайша баяндайды:
"Һижрәттің 672 жылы (1273ж) ұлы Сұлтан о дүниеге көшті. Көздер жасқа толды. Көңіл қайғыға батты. Мүсылман емес ауылдарда қайғыға баткдн вді. Әрбір пәк адам оған адал, әрбір ұлт оған ғашық еді.
Халық:
"Ол Хазіреті Пайғамбардың нұры мен сыры еді. Абзалдықтың шексіз теңізі еді... "-десті.
Сол күні барлығының жаны күйзелді. Барлық ел үлкен қайғымен: "Ол бір қазына еді. Топыраққа жасырындың-деді."
Ефлакидің айтуынша Мәуләнә Хазіретінің сыртқы табыты халықтың көптігінен алты рет жаңартылды. Және жаназасы бесін намазында шықса да, қабіріне екінті намазынан кейін әрең дегенде жетті. Табиб Әкмәлүддин халыққа:
"Әдепке мойынсұныңдар! Табытты көтеру міндеттеріңді тыныш, құрметпен орындаңдар! Бұл нағыз шәйхтардың сұлтаны Мәуләнә еді; ол мәңгілік әлемге көшті... "-деді.
Өсиеті бойынша жаназа намазын оқыту үшін Шәйх Садреддин Конеуи табыттың алдына барғанда, әсерленіп, еңіреп қоя берді. Есінен айырылғандай болды. Қолтығынан көтеріп оны кейін тартты. Оның орнына Қазы Сиражүддин намазын оқытты.
Мәуләнә Хазіреті "шикі едім, пістім, жандым!" деп топшылаған емірін басқа бір сөзбен былай суреттейді:
"Өлі едім, тірілдім... Көздің жасы едім, шаттыққа айналдым... Ғашықтық дариясына шомылдым, ақыры, мәңгі өлкеге қол жеткіздім..."
Мұны Юнус қандай тамаша жеткізеді:
Тән фәни, жан өлмейді,
Кеткендер қайтып келмейді!
Өлер болса тән өледі,.
Жан ешқашан өлмейді!
Уа, Раббым! Біздің өлімімізді де мөңгілік өлкеге жеткізетін бір көлікет! Өлім кешіміз бір шөби арус болсын! Әмин!..
"Сұлулар, мөлдір де тұнык, айна іздегені сияқты, жомарттық та пақыр да әлсіз адамдарды қалайды. Сұлулардың жүзі айнада сұлу көрінеді, нығмет пен сыйдың әдемілігіде пақыр мен ғаріптер арқылы белгілі болады."
Хазіреті Мәуләнә
Бір пақыр бәдәуи әйелімен шөл дападағы лашықта тұратын еді. Бір түні әйелі:
"Барлық таршылық, қиыншылықты біз тартып отырмыз. Бәрінің өмірі молшылықпен өтіп жатыр. Тек біз ғана кедейміз. Нанымыз жоқ, қатығымыз қайғы. Құманымыз жоқ, суымыз көздің жасы... Күндіз киіміміз күн, түнде төсегіміз бен көрпеміз айдың жарығы. Аш болғанымыз үшін толған айды нан деп ойлап, аспанға жүгіреміз. Жоқшылықтан ауада ұшқан шыбынның қанын сорамыз. Біздің халіміз Бұлай не болады?"-деп шерін төкті.
Бәдәуи былай деп жауап берді:
"Ей әйел, қашанғы дүние - мал іздейсің? Осы дүниеде қанша өміріміз қалды? Ақылды адам ризықтың аз-көбіне қарамайды. Өйткені, екеуі де өткінші, сел сияқты ағып кетеді.
Көңіліміздегі дүниелік уайым-қайғы, біздің болмысымыздың тойымсыздығынан туындайтындығын біл. Аллаһтың мүлкінде өмір сүріп жатырмыз. Оның берген ризықтарымен қоректенеміз. Қанағаттан да жақсы байлық бола ма? Мынау былай, анау солай деп айту шайтанның ішімізге салған бос уәсуәсалары.
Ей, ханым! Молшылыққа үйренуден жаман нәрсе жоқ. Өйткені, үйренген нәрседен айырылу, қиын болады. Денесіне табынған, яғни нәпсісінің әр қалауын орындаған адамның жаны тәтті болып кетеді, уақыты келіп, тәслім еткенде, қатты қиналады. Сен осыны түсініп, басыма келетін нәрсені қиындатпа!
Ей, Ханым! Жас кезіңде қанағатты едің, қартайдың тойымсыздығың артты, алтын қалайсың. Алайда, сен бұрын алтыннан да қымбат едің. Теңдесің, ұқсасың жоқ еді. Саған не болды, бұрынғы халіңнен айырылып, фәни де өткінші нәрселерді сұрай бастадың?.." Әйелі бұған құлак, аспай, одан бетер ашуланды. Ол: "Ей, намыстан басқаны ойламайтын адам... Сенің жылтырақ сөздеріңнен жалықтым. Жағдайымызға қарап, ұял! Маған қанағат туралы айтып, тәкәппарланасың. Осылай қай кезге дейін тұрамыз? Сен қанағаттықпен жаныңды қашан нұрландырдың? Сен аштықтан ұшып жүрген шегірткенің тамырын жаруға тырысып жүргенде, қайтіп бай ауқаттылармен иық тіресуге тырысасың? Маған қорлықпен қарама, сенің ішіңде не барын, қандай жамандықтың жатқандығын айтпай-ақ қояйын. Ғапыл қасқыр сияқты шаппа! Сен сияқты, адамды ұятқа қалдыратын ақылға ие болғаннан ақылсыз болған артық" - деді. Күйеуі байыппен жауап қатты:
"Сен әйелсің бе, әлде уайым қапшығысың ба? Кедейлігіме мен мақтанамын. Бетіме баспа! Мал-мүлік пен ақша бастағы малақай сияқты. Малақайға жүгінген адам таз. Бай деген - құлағына дейін айыпқа батқан адам, малымен айыбын жабады. Жоқшылық - сен түсінетін нәрсе емес. Пайғамбарлар мен әулиелердің нығмет деп түсінген пақырлығын төмен санама! Осы жұпыны халіммен Раббыма жақынырак, болып, басқаша олжаға кенелемін. Аллаһ бетін ары қылсын, менің дүниеге деген қызығушылығым жоқ. Көңілімде қанағат басым. Ей, әйел! Кейіме, ұрыспа! Оны тастамайтын болсаң тым болмаса мені таста! Менің ұрсысуға шамам жоқ. Соғыс тұр ғой көңілім бейбітшіліктен де қорқады... Үндемегенің жақсы, егер сөйлей берсең, қазір үй-жайымды тастап, соқа басым кетіп қаламын!.."
Әйел, күйеуінің осы ажырасу сөздеріне жылап, көз жасына булықты, өкінішін білдірді. Менмендігін тастап, жоқшылықтың жолына түсті де, күйеуіне өкінішпен:
"Мен әйел емес, сенің аяғыңның тозаңымын. Тәнім, жаным, бар-жоғым бәрі сенікі. Сен үшін бір рет емес, әр сәтте сан мәрте өлемін. Сенің маған айтқан сөздеріңнен енді жаннан да тәннен де баз кешемін.
Неге айырылу туралы айтасың? Енді қарсы келіп, айыптауды тастадым. Шын көңіліммен кешірім етінемін. Өйткені, сенің патшалық мінезіңді біле алмай, саған опасыздық еткен екенмін. Бірақ, енді үлкен өкінішпен саған басымды иемін. Қаласаң кес, қаласаң аяғыңмен тапта мені."-деді.
Одан кейін еңіреп жылады. Сол көз жасы жаңбырының арасынан бір найзағай ойнады. Сол найзағайдан теңдессіз, сенімді бәдәуидің көңіліне шоқ түсті. Ақыры бәдәуи, әйелінің көз жасына шыдай алмады, айтқан сөздеріне де өкінді.
Оның мейірімді көңіліне ұялаған өкінішін сезген әйел күйеуіне былай деп ақыл айтты:
"Құмырамызда жаңбырдың суы бар. Мал-мүлкіміз де осы. Осы ыдысты алып, патшалардың Патшасының құзырына кір, сыйға тарт! Және былай де:
"-Біздің осыдан басқа ешбір мал-мүлкіміз жоқ, шөлде осыдан жақсы нәрсе болмайды... Патшамыздың қазынасы болғанымен, осындай суы жоқ. Бұндай су сирек болады..."
Бишара әйел Бағдаттың ортасынан шәрбәт сияқты Дижлә өзенінің ағып жатқанын қайдан білсін, құмырадағы суын сүйіп тұрды.
Күйеуі де мақтауға араласып:
"Мұндай сыйлықты кім ұсынады? Расында біздің бір құмыра жаңбыр суымыз тек патшапарға лайық!.."-деді.
Бәдәуи құмыраны киізге орап, аузын мықтап жапты. Арқасына салып, Бағдатқа жол тартты. Ыдысы сынбасын, ұрылардың қолына түспесін деп, күндіз-түні көзінің қарашығындай қорғады. Күндер, апталар өтіп, Бағдатқа келді. Сұрай-сұрай, Халифаның сарайын тапты. Есікке жақындады. Сақшылар не қалайтындығын сұрады. Пақыр бәдәуи:
"Ей, құрметті жандар! Мен бишара бәдәуимін. Патшаның мейірімінен үміттеніп, шөлден келдім. Мына сыйлықты оған алып барыңдар, патшадан сұраушының қажеттілігін орындаңдар! Тәтті, дәмді су. Шөлде жаңбыр суларынан жиналған көлден алынған. Құмырам да тамаша, жап-жаңа..." деді.
Халифаның адамдары бұл пәк, таза жүректі бәдәуиге алдымен күлсе де, кейіннен оның осы жақсы ниетпен безендірілген сыйлығын шын жүректен қабыл алды. Бәдәуи сарайдың тура қасында гүрілдеп аққаң Дижләдан бейхабар, күтіп түрды.
Бәдәуидің су құйылған ыдысы Халифаға ұсынылғанда, бұған Халифа разы болып, бәдәуиді құзырына қабылдады. Оған шапан кигізіп, көңілін аулады. Нөкерлеріне: "Құмыраны алтынға толтырып, оған беріңдер. Қайтарда оны кемемен Дижлә жолынан апарыңдар. Ол шөл жолынан келген екен. Дижләнің жолы еліне төте. Осы жерден еліне қайтсын!" - деген әмір берді.
Бәдәуи кемеге мініп Дижләні көргенде таң-тамаша болды. Негізгі таңданғаны осыншама суы мол Дижлә өзені тұрғанда Халифаның бір ыдыс шөлдің суын қабыл алуы еді. Аллаһқа шын жүректен шүкіршілік етті.
МӘСНӘУИ:
"Ей, ұлым! Бүкіл дүниені аузына дейін ілімге, сұлулыққа (әсемдікке) толы бір ыдыс деп біл. Бірақ, осы ілім мен әсемдіктің жарыққа шығуы затының қажеттілігі болып саналатын және жарыққа шықпауы мүмкін емес АллаһтыңДижләсінің бір тамшысы екендігін білгейсің. Ол жасырын бір қазына еді. Мағрифатына сүйіспеншілікпен қарады. Осылайша ол қазына, өте толы болғандықтан жарылып, өзін жарыққа шығарды. Топырақты, көктен де жарық (көркем) етті. Жасырын бір кдзына еді шабыттанды, топырақгы атлас киген сұлтанға айналдырды. Әлгі бәдәуи Аллаһтың Дижләсінің бір тамшысын көрсе, шындығында бір теңіз болған сол тамшының алдында ыдысын лақтырып тастар еді."
Хикаяда бәдәуи - ақылдың, әйелі болса - нәпсінің үлгісі. Ақыл мен нәпсі үнемі күрес халінде болады. Екеуі де топырақтан жасалған тәнде тұрады. Күндіз-түні тынымсыз таласады. Нәпсінің үлгісі болған әйел тәннің қажеттіліктерін мақсат етеді яғни абырой сұрайды, атақ сұрайды, ілтипат сұрайды, киім сұрайды, дәмді тағамдар сұрайды. Кей уақытта осы қажеттіліктерін жүзеге асыруға шара табу үшін топырақ сияқты қарапайымдылық танытады. Кейде бетін топыраққа үйкеп, өзін ашындырады, кейде тәкәппарланып, шыңға көтерілмек болады.
Ақылдың тәнге байланысты ойлардан хабары жоқ. Оның ойында тек Аллаһ сүйіспеншілігі мен махаббаты бар. Ол сол сүйіспеншіліктен айырылып қалармын деп қорқады, қайғырады.
Хикаядағы Халифа - Рабтың ілімінің шексіз Дижләсі. Дижлә өзеніне бір шелек жаңбыр суын алып барған бәдәуи бұл жағдайда кінәсіз.Өйткені ол, Дижләні білмейтін. Шөлде Дижләдан өте ұзақ жерде тұратын. Дижләні білсе, ол ыдысты шөлде көтермей, бәлкім оны тасқа ұрып сындырар еді. Яғни « » сырына қол жеткізу үшін өзінің нәпсі мен жүрегін тазартып өзінің ісін сынап (қадағалап) Дижләні білуге тырысушы еді.
Нәпсіні көрсеткен әйел мен ақылды көрсеткен бәдәуи нағыз құндылық пен иләһи ләззаттың тән ыдысындағы парасаттылық суында болғандығын білмейтін еді. Бұл тек мағрифат дариясынан алынған несібеге байланысты мәселе. Екінші жағынан хикаядағы "Халифа есігі" - "Аллаһтың қүзырын" тәмсіл етеді.
Мүмин қаншалықты білімді, парасатты, бай әрі құлшылыққа ие болса да, осы мүмкіндіктер мен қасиеттеріне алданбауы және сенбеуі керек. Осы құндылықтардың барлығын Раббысының сыйы деп біліп, жеке істерінің (құлшылықтарының) да Дижләнің қасындағы бір шелек су екендігін үмытпағаны жөн.
Шөлдегі бәдәуидің мыңдаған қиыншылықпен шөлден жинап Халифаға ұсынған бір шелек суы, ол үшін өмір нәрі еді. Алайда, Дижләға құйылғанда жоқ болып кетті:
Адам баласының адами мүмкіндіктер арқылы шындығына жетуге тырысқан иләһи тәртіп пен олардан түсінері, олардың негізгі ақиқатының қасында Дижләнің бір тамшысы да болмайды. Хикаядағы айтылған су құйылған ыдыс - біздің кішкентай ғана мағлұматтарымыз. Біз тек Аллаһтың шексіз Дижләсынан бейхабар болғанымыздан, өз мағлұматымызды өте кең, ауқымды деп ойлаймыз. Бұл бір құмырсқаның өзінің кішкентай ұясын немесе бір балықтың кішкентай аквариумын үлкен бір әлем деп ойлайтыны сияқты.
Адамның ғапылдығының салдарынан өз ергежейлілігіне қарамай, бейне бір дәудің айнасының өтірігіне алданып, тәмсілдегі құмырсқа мен балықтың жағдайына ұшырауы, қандай үлкен алданушылық.
Тек "болмыс ыдысын" тасқа үрған Хақ ғашықтары, сол ыдысты сындыру арқылы оны одан да берік әрі кәміл халге айналдырады, бос, көлеңке жаратылыстардың құлдығынан қүтылады.
Сірә жаратылыс ыдысы сынған соң, ішіндегі суы сүзіліп, тұнып, мелдір болады да, рухқа сәуле шашады. Яғни, сынған соң барып ерекше көріністер пайда болады.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
"Раббым сені мадақтаймын, сен кемшіліктерден пәксің. Біз сені -саған лайық түрде тани алмадық.. "-деген.
Пәк үмметтің үлкен ғалымдары да әлсіздіктерін мойындаудан бас тартпаған. Бір күні Халифа Һарун Рашид Имам Әбу Юсуфтан бір мәселені сұрайды.
Имам Әбу Юсуф:
"Білмеймін"-деп жауап береді.
Халифаның көмекшісі Имам Әбу Юсуфқа:
"Айлығыңыз бен жалақыңыз бола тұра білмеймін дейсіз!.."-дейді.
Сонда Имам Әбу Юсуф жауап ретінде:
"Менің айлығым біліміме қарай. Егер надандығыма қарай болса қазына жетпейтін еді..."-дейді. Ғұлама Имам Ғазали де:
"Білгендеріммен салыстырғанда білмейтіндерімді аяғымның астына қойсам, басым көкке тиер еді,"-деп әлсіздігін мойындап, қарапайымдылық танытқан. Бұл үлкен адамдар, білетіндерін емес, білмейтіндерінің көптігін мойындаудан бас тартпаған.
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ілімнің пәлекет және сәлемет сатыларын былай баяндайды:
"Ілім үш қарыс. Бірінші қарысқа жеткен адам (қол жеткізген азғантай мағлуматына өзі тәнті болып) тәкәппарлық пен менмендікке салынады. Екінші қарысқа жеткен адам (иләһи құдірет пен салтанаттың алдында) таң қалады. Үшінші қарысқа жеткен адам болса (Хақ Тағаланың шексіз ілімінің парқын түсініп, өзінің сол шексіз ілімінің кдсында ештеме) білмейтіндігін түсінеді."
Адам баласының сүйенбекші болған амалдарына мән беруі - Дижләнің қасында бір шелек су емес пе?
Аллаһ сақтасын, қою Бұлттың күн сәулесіне кедергі болатындай жүрек шайтанға тап болған жағдайда, Рахманның һидайәты ол жерге қалай жетер? Адам Дижләдан бейхабар болғандықтан үшін бір шелек суды теңіз деп ойлап, өз ойына түншығып қалады.
Жүнейд Бағдади Хазіреті мүз сататын бір сатушыға жолығады.
Сатушы:
"Табысы еріп жатқан адамға жәрдем беріңдер!"-деп айқайлады.
Жүнейд Хазіреті Бұл сөзді естігенде есінен танып құлайды. Дүниетабысын ақиреттабысына айналдырмайтын болсақ, дүниедегі қажыр-қайрат шайтандармен бөлісетін несібе болып қалады. Нәтижесі - қайғы мен қасірет, екініш. Шектен шыққан ысырап пен мейірімнің жоқшылығы - дүниеде басымыздың бәлесі, ақиретте азап қоры. Өткен күндердің парақтары жабылған. Бұларды өзгерту мүмкіндігі жоқ. Келешек күндеріміз күмәнді.
Мүмкіндік осы сәт. Осы сәтіміздің маңдай терін өмір егістігіне дән етіп ексек, иншаллаһ ақиретіміздің зәулім сарайы болады. Шәйх Сағдидің айтқаны сияқты.
"Жер беті - Рабтың әркімге ортақ дастарханы." Дүниеде "Рахман" сипатының көрінісі ретінде барлық мақлүқатқа мол ризық беріледі. Жегізеді, ішкізеді, кигізеді. Дос - дүшпан бағынушы - бас көтеруші деп бөлінбейді. Аллаһ Тағаланың терең мархабаты барлық мақлүқатты қамтиды.
Тікен қапты кірпінің күшігін қүшағына алғызуды, тіпті кәпір де болса зүлымдыққа ұшыраған адамның қарғысының қабыл болуы осы ауқымды мархабаттың нәтижесі. Әлемдегі иләһи өнер, хикмет пен ғибрат көріністері, нәпсілік пен төмен сезімдер және іс-әрекеттермен негізгі жаратылысы бүзылмаған адамды пәктік, тазалық, сезімталдық және қорқыныш (құдайдан) сияқты пәк сезімдерге бөлейді.
Арнайы дастархан "Рахим" сипатының көрінісі ақиретте болады. Бүдан тек мүминдер пайдалана алады.
Бұл арнайы дастарханда ең үлкен нәсіп "жөннат" және "рү'йәт-жәмәлүллаһ", яғни Аллаһ Тағаланы толған айды көргендей көру нығметі бар. Адам - барлық иләһи есімдердің кәміл көрінісі болғандықтан үлкен әлемнің кішкентай үлгісі. Оның топырақтан жасалған түрі -жаратылысының сыртқы көрінісі. Фәни көрінісі. Шынайы жаратылысы -сырлар, нүр мен иләһи ақиқаттың жасырын қазынасы. Адамның қасиетті сипаты осы. Жаратылыс мақсатына сай мағрифат теңізінен нәсіп алуы осыған байланысты.
Көбелектің жануға бел буып, жарыққа ынтықтығы сияқты, Халлаж Мансур да сыр теңізінің толқынында фәни жаратылысын жоқ етуге қадам басты. Иләһи көріністермен өзін жағып жіберді. Рухы өсіп, фәйізге толғанда, нәпсісі әлсіреп, бітетін жеріне жетті. Өзіне өзі оғаш (бөтен) бола бастады, одан қүтылуға тырысты. Көп, ауыр көріністерге шыдай алмады. Мастыққа бой алдырып:
"Достар, мені елтіріңдер! Өйткені менің мәңгілік өмірім өлімде,"-деді.
Таспен атылған кезде оны жаралаған жалғыз нәрсе - досының оған лақтырған бір қалампыры болды. Осындай дүниеуи көңіл мен жылы жүз оған ауыр тиді.
Басқаша айтқанда, Бұл жағдай фәни жаратылыстың мәңгілік жаратылысқа ынтық болып, құлдың өлімсіздікке қауышуы.
Теңізге тамған тамшы болмысының суда жоқ болып кететіні сияқты, теңізге шомылған адам да судан басқа ештеңе көрмейді.
Осы мәртебеге жеткендер барлық нәрсені, тіпті өзін де Хақ деп біледі. Бірақ Бұл ерекше өткінші бір хал. Ол хал еткен соң "Хақ өзінше Хақ, заттар өзінше зат" болады.
Хадис шәрифте бұл халге мынадай мысал беріледі:
"Жер бетінде тірі жүрген өліні көргісі келген адам Әбу Бәкірге қарасын!"
Мархабат пен әділдікте аты аңызға айналған Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) Шамға бара жатқанда кезек құлына келгендіктен түйеге соны мінгізеді. Өзі қалаға жаяу кірді. Халық құлды халифа деп ойлады.
Хазіреті Омар қайтыс болған соң достары оны түстерінде көреді: "Раббымыз сені қалай қарсы алды?"-деп сұрағанда, Ол: "Әлхамдұлиллаһ, "Рахман және Рахим Раббым бар,"-деді.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
"Егер пақырлық жомарттықтың айнасы болса, онда айнаның бетін Бұландырудың зиян екенін біл."
Яғни, пақыр мен ғаріпті қуу үшін ауыздан шыққан әрбір дауыс және дем оның көңілін ренжітеді. Беті Бұланган айна сияқты жүрек Бұланады. Мөлдірлігі мен тереңдігінен айырылады. Жомарттығың нәтижесін көрсетпейді. Амалдарың мен қайырларың үнемі көзіңе үлкен болып көрінеді. Бізді алдайды. Бізді ләззаттың соңына ертеді. Дижлә мен оның иесінен бейхабар болғанымыздан бір шелек су біздің көзімізге теңіздей болып керінеді.
Дүниеуи сұраныстарымыз бітпейді. Қолымыздағы барлық нәрсені езіміздің табиғи хақымыз деп санаймыз. Бізден бір нәрсе сұраса, ез мүлкімізден сұрап тұрғандай қалып танытамыз. Осының нәтижесінде аманат пен жомарттықтың пәк және тұнық айнасына дақ түседі.
Алайда Аллаһ Тағала аятта:
فَاَمَّا الْيَتِيمَ فَلاَ تَقْهَرْ وَ اَمَّا السَّائِلَ فَلاَ تَنْهَرْ
"Жетімді қорлаушы болма! Пақырды да қума (яжи алақан жайып сұрауға мәжбүр болған кедейді қорлап, бос қайтарма)!"- (Дұха, 9-10) деп бұйырады.
Мәуләнә (құддисә сирруһ) тағы бір шумағында:
"Сүлулар түнық, мөлдір айна іздейтіні сиякты, жомәрттық та пақыр және зағип адамдарды іздейді. Сұлулардың бейнесі айнада сұлу көрінеді, нығметтер мен жаксылықтың әсемдігі де пақыр және ғаріптер арқылы белһлі болады,"- дейді.
Сұлулар сұлулығы мен денесін тамашалау үшін айнаның тұтқынында болады. Тіпті, арты көлеңке әйнектерге де өздерін көру үшін қарап өтеді. Рухани және негізгі сүлулық болып саналатын жомарттық та өзін бишаралардың, пақырлардың көңіл айнасынан тамашалайды.
Және де Мәуләнә (К.ұддисә сирруһ) былай дейді:
"Олай болса, пақырлар - иләһи мархабаттың, Раббани жомарттықгың айнасы. Хақпен бірге болғандар және Хақжолында жанын салғандар үнемі жомарт болады."
Хазіреті Жәбирдің риуаяты бойынша Тәфсири Хазинде былай делінеді:
"Кішкентай бір бала Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құзырына келді. Анасының бір көйлек сұрағанын жеткізді.
Сол кезде Расулұллаһтың (оаллаллаһу алейһи уәсәлләм) үстіне киіп жүргенінен басқа көйлегі жоқ еді. Балаға басқа кезде кел деді. Бала кетіп қалды. Қайта келіп, анасыныңХазіреті Пайғамбардың киіп жүрген көйлегін сұрағанын айтты. Сонда Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), өз бөлмесіне кіріп, үстіндегі көйлегін шешіп балаға үсынды.
Сол кезде Біләл (радиаллаһу анһу) намаз уақыты кіргендіктен азан шақыра бастады. Бірақ, Расулүллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үстіне киетін ештеме таба алмағандықтан жамағатқа бара алмады. Кейбір сахабалар не болғанын білмек болып келіп, Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кейлексіз екендігін көрді.
Байлық - аманат. Оның бақыты мен ләззатына жету, тек қана пақырлардың ауыртпалығын сезініп, жүрегімізден оларға мейірім мен мархабат терезесін ашу арқылы мүмкін болады.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
Мейірім мен мархабатта күн сияқты бол! Басқалардың айыбын жасыруда түн сиякгы бол! Жомарттыкта ағын су сиякгы бол!
Ашу мен ызада өлі сияқгы бол!
Кішіпейілділік пен қарапайымдылыкга топырақ сияқты бол!
БОЛҒАНЫҢДАЙ КӨРІН,
КӨРІНГЕНІҢДЕЙ БОЛ!..
Адам өзін қалай көрсетсе де, оның көңіл ыдысында не болса, сыртқа сол тегілетіндігін ұмытпаған жөн. Өйткені, қаншама ғашықтық пен махаббат отына жанғанын айтқан ыдыстар бар, нәтижесінде ғапылдық-тың суы болып аққан. Сол сияқты қаншама өмір нәрі туралы айтқандар, одан бір тамшы жұта алмаған, жұтқыза да алмаған. Ал, керісінше, қаншама қарапайымдылыққа жасырынып, сырттан қарағанда бос ыдыс сияқты көрінген қас құлдар, көңіліндегі бір тамшының ішінде түпсіз -шексіз мұхит болған, Аллаһ оларды өртеніп, шөлдеген ғашықтарға бір кәусар суы сияқты усынған.
Аллаһ Тағала барлығымызға дүниеде осы бір кәусар мен жәннат бұлағынан тамшылар сыйлап, бізді иләһи құзырында қабылданатын ықыласты және шынайы көңіл ерлерінен қылғай!
Әмин!
"Көңілдерін әрлендіргендер, түрлі-түстен, иістен
қүтылады. Әрбір демінде ізгілікті көреді. Олар ілімнің
қабығындағы нақышты тастап, айнәл-яқин
байрағын желбіреткендер."
Хазіреті Мәуләнә
Бір күні қытай суретшілері:
"Біз - түрік суретшілерінен де ілгеріміз, өнерліміз,"-деп мақтанады.
Сонда осыған жауап ретінде түрік суретшілері де:
"Жоқ, біз сендерден жоғарымыз. Біздің өнеріміз алда,"-деп бұған қарсы шығады.
Мүны естіген Сүлтан суретшілерден емтихан алуға шешім қабылдап, екі жаққа да:
"Бір-бірлеріңмен таласқанды қойып, өнерлеріңді көрсетіңдер!"-дейді.
Екі жақ та Сұлтанның ұсынысын қабыл алды. Бірақ қытайлар өздерінің жасағандарын түріктер көшіріп алмасын деп, бөлмені қалың пердемен бөлді. Сұлтаннан түрлі-түсті бояу сұрады.
Түрік суретшілері көп нәрсе талап еткен жоқ. Тек қана қабырғадағы кірлерді кетіріп оны тегістеп, жарқырататын бір нәрселерді алды. Түрлі-түстіден гөрі түссіз болуды таңдады. Өйткені олар түссіздіктің артықшылығын білетін еді. Осыншама көп түстің ақыры түссіздік екенін де білетін. Өнер - түстің көптігінде емес, түссіздікті көрсете білуде. Әйтпесе аспандағы Бұлттардың, дариядағы судың ез түстері жоқ. Оларды әртүрлі түске бөлейтін аспандағы күн.
Жұмыс біткен соң Сұлтан алдымен қытай суретшілерінің бөлмесіне кірді, суреттерін ұнатты. Көрген түстердің салтанаты мен әсемдігіне шын көңілден тәнті болды.
Кезектүрік суретшілеріне келген кезде, олар ортадағы пердені алуды өтінді. Перде алынған кезде түрік суретшілерінің тегістеп, айнадай етіп жалтыратқан қабырғадан жан тартар сұлулық пен өнер көрінді. Негізінде оған шағылысқан қытай суретшілерінің суреттері болатын, бірақ олардан да жарық, әрі қаншама есе әсем көрінді. Осы тамаша көріністі көріп, таң қалып, есінен танған Сұлтан Түрік суретшілерін марапаттады.
Осылайша түрік суретшілері ешқандай сурет салмай-ақ, тек қытай суретшілерінің туындыларын мыңдаған өнермен жарқыратқан қабырға-да көрсеткендіктен, олардан да өнерлі деп саналды.
МӘСНӘУИ:
"Ей Ұлым! Сопылар түрік суретшілері сияқты. Олардың не жатталып қайталанатын сабағы, немесе кітаптары, не болмаса өнер көрсетуге ынталары жоқ. Яғни олар сыртқы ілімдердің ауқымы ішінде қысылып қалмай, түрдің (көріністің) кедергісінен құтылған.
Олар көңілдерін кәміл түрде жарқыратқан мөлдір айна сияқгы тозаң-топырақ, кірлерден аулақ болған. Сол үшін олардың көңіл айнасына ең шынайы әсемдік шағылысады. Көрініс осындай таза жүрек айналарында Хаққа қауышқан сопылық көңілдерде жарыққа шығады.
Олардың көңілдерін осы әсемдікке жеткізу үшін тазарткдн нәрселері - өштік, тәкәппарлық, менмендік, әуесқойлық, көрсеқызарлық, ашкөздік пен басқа да дүниелік құмарлықтар.
Аллаһ Тағала Мұсаға (аләйһиссәләм):
"Ей Мұса! Қолыңды қойныңа тық, кіршіксіз әппақ болып шықсын!" -деп, бұйырған еді.
Муса (аләйһиссәләм) осы бүйрықты орындағанда, қолының күн сияқты әппақ болғанын және нүр шашып түрғанын көреді. Өйткені Хазіреті Мұсаның көңіл айнасына ғайып әлемінің ушы-қиырсыз жәнө бейнесіз шексіздігі шағылыскдн еді. Яғни Хазіреті Мүса (аләйһиссәләм) қолын иләһи өнерді көруден басқа барлық нәрседен аулақ тұтып, жүрегінің үстінө қойған кезде, қолы көрініс нұрларымен жарқыраған жарық шеңберіне айналған еді.
Мүсаның (аләйһиссәләм) көңіліне шағылысқан ұшы-қиырсыз шексіздік, шындығында, көкке де, жерге де, теңіздерге де сыймайды. Өйткені Бұл айтылғандардың, өлшемі бар. Алайда, шексіз нәрсенің, шекті нәрсеге сыюы мүмкін емес. Сондықтан шегі жоқ зат пен сипат, тек көңіл айнасына ғана шағылысады. Өйткені көңіл айнасы да, өзіне шағылысқан әсемдік пен иләһи сырлар сияқты шексіз. Раббтың көріністеріне толған көңіл айнасы - шексіз, сансыз шексіздіктің көрініс табатын орны.
Көңілдерін Аллаһқа деген ғашықгықпен жарқыратқандар ол жерде әрбір сәт басқаша әсемдіктің шағылысқанын көреді, әр сәт сайын Аллаһтың сансыз құдірет ағысының біріне куә болады. Яғни, өздерінде жасырын түрде орын алған "ахсәни-тақуим" ақиқатына көз жеткізеді. Өйткені олар біздің әсемдігіне жүгінген жалған түстер мен иістерді артқа тастаған.
Өйткені олар мағрифатұллаһқа қол жеткізген. Дүние ілімдерінің қабығындағы нақышты тастап, "айнәл-яқин" байрағын көтергендіктен, олар осының нәтижесінде "хаққал-яқин" мәртебесіне жетіп, иләһи шексіздікті сол жерден тамашалайды.
Хазіреті
Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
былай дейді:
"Менен
кейін үмбетім хақында үш нәрседен
қорқамын:
1. Әуестік пен қүмарлыққа салынудан,
2. Асқазан мен жыныс қүмарлығына түсуден,
3. Білімнен кейін ғапылдыққа түсуден..."
Білім - кітапқа тән нәрсе. Парасаттылық болса - оның кемелденіп, тұлғаланған түрі.
Сол себепті білімді парасаттылыққа айналдырмай салих амал жасамағандар үшін, таяз және бос қалу қаупі бар.
Әлемді көңіл көзімен тамашалағанда, ол нәзік мақсаттар мен пәк хикметтер жиынтығы екендігі белгілі. Әлемнің ғибрат көрмесі екендігі түсініледі. Қандай жағдайда да бұл дүние - емтихан атмосферасына толы иман дәрісханасы.
Иләһи тәрбие мен басшылық үкім жүргізген бұл әлемде бос нәрселер жолында жүріп, пәк сипатына нүқсан келтіргендер - шынайы бақыттылықтан мақрұм қалатын өмірдің жетімектері. Әуесқойлықтың иірімінде тұншығып жоқ болады.
Ақиреттің міндетті түрде болатындығын білдіру үшін Аллаһ (жәллә жәләлуһу) былай бұйырады:
"Жоқ... Біледі, кейін әлбетте түсінеді!" (Нәбә, 4-5)
Пайғамбар
жіберу, олардың тілімен, ілімімен, жол
көрсетуімен және
ахлағымен
адамзатты кемелдендіру сияқты
көріністердің барлығы -
иләһи сыйлық
пен жомарттықтың көрінісі.
Адам өзіне және айналасына байыпты көзбен қараса:
"Анық және айқын күш пен салтанаттың алдында ақиреттен ғапыл (бейхабар) өмір сүрудің күлкілі және оғаш нәрсе" екендігін түсінетін болады.
Соңын ойлаған әрбір ақылды адам, шексіз құмарлықтарға, әуестіктерге, өткінші фәни алданыштарға шек қою, махаббатты иләһи мақсатқа бұру жаратылыс мақсатының шарты болғандығын оңай түсінеді.
Мешіттер мен медреселердің қабырғаларына жазылған "Хош қара, уа һу (Аллаһ)", "Бұл да өтер, уа һу", "Әдеп, уа һу", ақыры "Еш" сездерінде қандай керемет ақиқат белгілері мен ескертулері бар.
«خُوشْ كُورْ يَا هُو» (Хош қара, уа һу): "Ешбір мақлүққа зиян келтірме!
Ешбір мақлұққа ренжіме!"-деген тәлім - таза жүректің сипаты осы. Шайыр мұны қандай тамаша жеткізеді:
Жиһан бағындағы ей, ғашық, адам мен жынның мақсаты мынау; Не сен ешкімді ренжітпе, не сен ешкімге ренжіме!..
Басқаша айтқанда, "себептер әлемінен шық, иләһи мақсатқа разы бол!"-деген тәлім.
Бірақ, бұл хош көру ісі - Раббтың кешірімімен хош көрген нәрселері екендігін айта кету керек. Әйтпесе пасықтық пен күнәға ешқашан хош қарауға болмайды! Өйткені ондай істер - Раббыға қарсы иләһи азапты қажет ететін опасыздық болып табылады.
«اَدَابْ يَا هُو» (Бұл да өтер, уа һу) сөзі, құлға былай дейді:
"Ей адам! Саған келген қайғылар мен қуаныштар - саған қонақ. Оларды үнемі деп ойлама! Келген фәни қайғыларды уайымдама, өйткені олар өткінші. Фәни қуаныштарға да мәз болма, өйткені олар да өткінші. Яғни сен бір мейманханасың, қайғылар мен қуаныш сенің өткінші бірнеше күндік қонақтарың.
Қайғырып, уайымдауға себеп болатын мейманханадағы заттар болса, олар тек сенікі ғана емес. Сенен кейінгілерге де тән. Бейне бір мүра мүлкі сияқты, сол үшін олар туралы қайғының дариясына түншығуға түрмайды!.."
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді: "Ей Хақ жолаушысы! Қайғы, қасіретің бар болса қуан! Олар жардың саған арнап әзірлеген табысу тұзағы. Өйткені адам қайғы-қасіретке ұшыраған кезде Хаққа сиынып, Хақты еске алады."
"Қайғы-қасірет – қазына.. Сенің ауруың мен басыңа түскен пәлекеттер мен ауыртпалықтар да - бір қазына."
"Сондай-ақ қайғы-қасірет - көңіл айнасының бетіндегі шаңын үрлейтін рухани самал, оны жаман дауылға теңеме!.."
"Бұл ғашықтық жолында мені қайғыдан басқа ешкім есіне алмайды, қайғы-қасіретке мыңдаған рет бәрекелді (рахмет)..."
Осы сырды түсінген шайыр жардан келген әрбір нәрседе өзгеше бір нығмет бар екендігін, қайғы-қасіреттің езі мыңдаған хикметке байланысты берілетіндігіне назар аударып, қайғы мен ауыртпалық емтиханының, жардың өз жолында жан қиған шынайы ғашық пен барлық жетістігі - көрсетушілік пен сөз ғана болған жасанды ғашықтарды бір-бірінен айыру үшін әзірлеген, бір өлшемі екендігін баяндау үшін былай дейді:
Жар бейнеті - бейнет емес бәрі зейнет, Жарды бейнет қылады деген зейнетті емес!.. Өйткені, халық арасында қаһар сияқты көрінген қайғы-қасірет - Хақ ғашықтары үшін иләһи сый. Қайғы-қасіретті көңіл Хақты көбірек еске алады. Мойынсүну Бұлағынан қорек алады. Хақ Тағала осы жақындығы үшін оларды арнайы сыйға бөлеп көңілдерін шат қылады.
Хазіреті Мәуләнә осы ақиқатқа байланысты парасат жолындағыларға былай деп ескертеді:
"Ей, бұлбұл! Қара қыс деп қашанғы зарлайсың? Ей, бұлбұл! Тоқтамастан бейнетті айту дұрыс па? Егер көңілің жарыңа расында да тәуелді болса, көзіңді ашып шүкіршілік ет, зейнет туралы айт! Тікенді қой, гүл туралы айт! Гүлдің сабағы мен тамыры туралы сипатгарын таста, оның өзіне қара! Бұл фәни әлемге неге осыншама көңіл бөлесің, әлде арғы жаққа барғың келмей ме?!"
«اَدَابْ يَا هُو» (Әдеп, уа һу) сөзі - құлды қай жағынан болмасын әдепке шақырады.
Өйткені әдеп - ахлақтың шыңы. Тасаввуфтың мақсаттарының бірі. Бұл шикі адамды ихсан сезімі арқылы кәміл адам дәрежесіне көтеріп, Аллаһ алдында әдепті қылу, бұл әдептің ең жоғарғысы. Екінші әдеп, Аллаһ Расулына (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) байланысты. Аллаһ Тағала Хұжурат сүресі мен басқа сүрелерде мүминдерге Аллаһ Расулының (саплаллаһу алейһи уәсәлләм) алдында әдеп сақтауды арнайы әмір етеді.
Бұл әдеп - ұстазға, әке-шешеге, мүминдерге және осылай тізбектеліп, барлық мақлұқатқа созылады.
Суфиян Сәури (құддисә сирруһ) былай дейді:
"Тамаша әдеп Аллаһ Тағаланың ашуын басады."
Ибн Аббас (радиаллаһу анһу) былай дейді:
"Барлық әдептің басы - рахат кезде де, қиыншылықта да Аллаһ Тағаланың әмірлеріне мойынсүнып, тиымдарынан қашу." Және былай деген:
Үш қасиетке ие болған адам құр алақан қалмайды:
1. Жақсы әдепке ие болған,
2. Әдепті адамдармен бірге болған,
З. Басқаларға зиян келтірмеген.
Әдептің ерекшелігін шайыр қандай тамаша баяндаған:
Әдеп Кұдай нүрынан берілген бір тәж екен. Сол тәжді киіп, бар бәледен аман бол!..
Юнус Әмрә Хазіреті бұл ақиқатты былай тілге тиек етеді:
Ғылым мәжілістерінен талаптанып іздедім,
Ғылым артта, алдымен әдептілік қажет екен...
Осы мәселеге байланысты кейбір әулиелер тасаввуф "әдептен түрады" деп танымдаған.
Хатем-Әсам Хазіретінің мына мысалы өте ғибратты:
Зағип, қайғылы, көңілі құлазыған бір әйелмен сөйлесіп отырады.
Әйел қайғысын қасіретпен баяндап жатқан, сол тебіреніс кезінде өте жағымсыз бір дауыс шықты. Әйел шам сияқты еріп, қиналып, күйреді. Тым-тырыс... Шәйх ескерткіштен де сезімсіз бір айбынмен әйелге қарап:
"-Айтқандарыңызды естімедім, құлағым әрең естиді, дауыстап сөйлеңіз, айқайлаңыз! Мен саңыраумын!"-деді.
Айыбының жасырын қалғанын түсінген зағип, қайғылы әйел, бір сәтте өмірге қайта келді. Ешбір халықтың қарым-қатынас әдебінде теңдесі байқалмаған осы тамаша қасиет оған "әсамм" (саңырау) деген лақап тақтырды. Міне, нағыз Исламның кішіпейілділігі мен әдебі.
Осы оқиғадан кейін Хатем Хазіреті әдеп көрсетіп, сол әйел қайтыс болғанға дейін халық арасында саңырау болып көрінді. Бірақ, әйел қайтыс болғаннан кейін айналасындағыларға:
"Енді құлағым естиді, жәй ғана дауыспен сейлессеңдер болады,"-деді.
Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әдебін өздеріне үлгі-өнеге етіп ұстанған әулиелердің осы сияқты үлгілері өте көп.
Ибн Ата (құддисә сирруһ), әдептілік жайлы былай дейді:
Кімде-кім салихтардың әдебіне қол жеткізген болса, оның төсеніші кереметтік тесеніші;
Кімде-кім әулиенің әдебіне қол жеткізген болса, оның төсеніші әулиелік халден бір төсеніш;
Кімде-кім пайғамбардың әдебіне қол жеткізген болса, оның төсеніші Аллаһқа жақындықтың төсеніші болады;
Және кімде-кім
әдептен мақрұм болса, ол барлық
жақсылықтан
мақрұм қалған деген сөз."
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
"Кімде-кім әдептен нәсібін алмаған болса, ол адам емес. Өйткені, адам мен хайуанның арасындағы айырмашылық, ол - әдеп. Көзіңці ашып, Аллаһтың кітабы Құран Кәрімге абайлап кдра! Оның аят-аят әдеп екөндігін көресің."
«هِيجْ» Еш - сезіне келер болсақ, бұл мендік сезімнен айығуды білдіретін сөз. Өйткені, иләһи сырларды түсіну нәпсіқұмарлықтардан арылумен басталады. Сондықтан "ешке" жеткеннен кейін ғана рухани кемелдіктер басталады.
Тасаввуфтың бір мақсаты - иләһи ұлылық, салтанат пен тәртіп алдында құл өзінің кішілігін, "еш" екендігін және Раббының үлы құдіретін көруі. Сондай-ақ Аллаһ Тағала бұл ақиқатты уақ-уақ әр түрлі емтихандар арқылы құлдарына ескертеді. Тіпті, айбынды салтанат пен байлық сыйлаған пайғамбары Сүлейменді (аләйһиссәләм) де біраз уақыт жансыз дене ретінде қалдырып, оған әлсіздігін білдірген. Аят кәримәде адамға бағытталып былай дейді:
"Ештеңе емес кезде сені жараттым!.." (Мәриям, 9)
"Сендерге жеткен нығмет Аллаһтан. Сосын (әрі) сендерге бір қиыншылықкелген кезде детексоған жалбарыныңдар. "(Нахл, 53)
Еш болу - адамның осы аяттарға ой жүгіртіп, түсінуі. Өйтпесе адам өз ішіндегі нәпсінің тұзағына түсіп, Нәмруд пен Перғауын сияқты тәңірмін дейтіндей ақымақтық пен бақытсыздыққа тап болудан өзін сақтай алмайды. Сол үшін тасаввуфта фәни болу халі (ештік сезімі) өте маңызды.
Бәязиди Бистами (құддисә сирруһ) еш болу халін мына дұғасы арқылы қандай жақсы көрсетеді:
"Илайым! Менің мендігімді ортадан шығар, мендігім сенде жоқ болсын, мен арада еш болайын! Өйткені, мен сенімен болған жағдайда барлығымен бірге болғаным деген сез. Егер әркіммен бірге болсам, сенімен бірге бола алмаймын. Бұл сенің жолыңда мен үшін ең үлкен кемшілігім мен шикілігім болады."
Мұхаммед Ұфтаде Хазіреті өзіне байланған шәкірті Азиз Махмұдтың абыройлы қазылық міндетінен келгендігі үшін оған ең алдымен еш екендігін сездіру жолын таңдап алып, Бурса базарында бауыр саттырумен қатар басқа медреселердің әжетханасын тазалау қызметін де соған жүктеген еді. Осылайша Махмуд қазы, патшаларға бағдар беретіндей кемелдікке қол жеткізіп, ұстазы оған "һүдайи" деп ат қойған.
Үлкен әулие Абдулқадир Гейлани Хазіреті сыртқы ілімнің кемеліне жеткеннен кейін "ешке" қол жеткізу үшін ұзак, уақыт Бағдаттың үйінділерінде өмір сүреді.
Әулиелердің сұлтаны болған Шах Нақшибәнд (құддисә сирруһ), тәкаппарлық пен менмендіктің антонимі еш болу халіне жету үшін алғашқы тасаввуфты ұстанған жылдарында жеті жыл науқас адамдарға қызмет етіп, жеті жыл мақлұқтардың жүретін жолын тазалаған.
Үлкен Аллаһ досы Шах Нақшибәнд Әмір Күлал Хазіретінің тәрбиесінде өткізген рухани сатылар мен нәпсіні тазарту күресін былайша баяндайды:
Ізденісте жүрген алғашқы күндердің бірінде ұлы Аллаһтың сүйікті құлдарының бірі Әмир Күлал Хазіретіне жолықтым. Сол кезде еліктеушілігім басым еді. Маған былай деді:
"Көңілді аула, әлсіздерге қызмет ет! Әлсіздер мен кеңілі қаяуларды қорға! Олар халықтан ешқандай пайда көрмейтін адамдар. Сонымен қатар толық жүрек тыныштығы, кішіпейілділік, бәсеңдікте қалып қояды. Оларды іздеп тап!"
Осы қадірлі адамның бұйрығын ұстандым. Айтқан жолында ұзақ уақыт еңбектендім.
Ол Аллаһ досы осыдан кейін маған хайуандарға қарауды әмір етті. Олардың ауруын емдеуімді тапсырды. Жалғыз өзім олардың жарасын таңып, тазалауымды және бұл істерімді жақсы ниетпен, ықыласпен жасауыма кеңес берді.
Бұл қызметті де орындадым. Маған қалай айтса, солай істедім. Осы кезде менің мендігім кетіп бара жатқанда бір итті көрсем, сол жерде тоқтап, алдымен соның өтіп кетуін қалайтын дәрежеге жетті. Одан бұрын қадам баспайтын едім. Осылай жеті жыл жүрдім.
Осыдан кейін маған өз иттеріне адалдықпен, құрметпен қарауымды және олардан көмек сұрауды бұйырды:
"Сол иттің біреуіне қызмет еткен кезде, үлкен бақыттылық сезінесің," -деді.
Оның бұл әмірін ғанибет деп білдім. Ешқандай қажыр көрсетуден қол үзбедім. Оның меңзеген мағынасын түсіндім, берген сүйіншісін күтіп, бір итінің қасына бардым. Менде сондай бір хал пайда болды. Оның алдында түрып, жылай бердім. Бейне бір сол ит маған Кәһф иелерінен фәйіз алған Қытмир сияқты еді.
Мен солай жылап түрғанда ол шалқалап жатып, аяқтарын көкке көтерді. Осыдан кейін аянышты дауыс шығарып, жылап қыңсылай бастады. Менде қолдарымды жайып, кішіпейілділікпен, қаяулы көңілмен:
"Әмин!"-дедім.
Ол да қыңсылағанын тоқтатып, аунап түсті.
Тағы бір күні, үйден шығып кейбір жерлерге бардым. Жолда күннің түсіне қарай түсі өзгеретін бір хайуан көрдім. Рухани ләззатқа батқандай еді. Мен одан қатты әсерленіп, өзіме-өзім былай дедім:
"Осыдан шапағат сұрайын. Осы сәт Бұл мүбәрәк хайуан шапағат мәртебесінде."
Сосын оның алдына барып әдеппен, құрметпен тұрдым. Қолдарымды жайдым. Сөйтіп ол мүбәрәк жануар берілген әлемінде әр түрлі халге түсті де шалқалап жатып көкке қарады. Сол жағдайда мен:
"Әмин!"-дедім.
Осыдан кейін ұстазым, маған жолдағы халықтың жүруіне кедергі болған нәрселерді тазартуды бұйырды. Бұл іске де сол жеті жылда бел шеше араластым. Тіпті, жолдың тас-топырағынан етегім үнемі шаң болып жүрді.
Қысқасы, ол адам Әмір Күлал Хазіреті, маған не бұйырса толық адалдықпен және таза ниетпен орындадым. Рухым шексіз ләззатқа батты, халім қатты өзгерді. (Әл-Хадиқатул-Уәрдия, 545-547)
Имам Ғазали Хазіреті өз заманындағы барлық ілімдердің шыңына жете тұра Раббыға жақын болуға қол жеткізу үшін ұзақ уақыт "еш" халінде өмір сүрді.
Пайғамбарымыз дәуірінде мүминдерге ұлы Бәдір жеңісін нәсіп еткен ұлы Жаратушының Пайғамбары мен мүминдерге бағыттап:
"(Сол күні) оларды сендер өлтірген жоқсыңдар, оларды Аллаһ өлтірді. (Ей Расулым) Атқан кезде Сен атқан жоқсың, Аллаһ атты..."-(Әнфал, 17) деп бұйыруы, осы еш болуды меңзейді.
Адамның қолындағы құдірет иләһи тағдыр шеңберінде болады. Сол себепті «لاَ حَوْلَ وَ لاَ قُوَّةَ اِلاَّ بِاللهِ الْعَلِىِّ الْعَظِيمِ» "Ұлы Аллаһтан басқа (ешкімде) күш, қуат жоқ"-делінген.
Өйткені, ежелде ешқандай нәрсе жаралмай тұрғанда, тек Аллаһтың көмегімен жаратылған барлық жаратылыстың қолындағы нәрселер, Раббысы тарапынан берілген. Сол себепті абсолютті (күш) еркіндік, барлық оқиғаларды, қүбылыстарды және мақлүқатты қамтып, шеңберіне алады. Бұл - ерік пен күштің негізі Жаратушыға тән деген сөз. Бірақ, адам Бұл дүниеге сынақ үшін жіберілгендіктен оған шектеулі еркіндік беріліп, адамға жақсылыққа да, жамандыққа да қолайлы қабілет берілген. Қолдану күші оның еркіне берілген.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
"Осы бір-бірімізден үстем болуға үмтылуымыз не? Нәтижесінде бәріміз бір сарайдың есігінде түрған жоқпыз ба? Аллаһ: "Ей адамдар! Бәрің пақырсыңдар, бай тек менмін!.." демей ме?!"
Юнус Әмрә Хазіреті мағрифаттың ақиқатын қандай тамаша баяндайды:
Ілім, ілімді білу, Ілім, өзін білу. Сен өзіңді білмесең, Бұл қандай оқу?!
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді:
"Егер Аллаһтан қажетінше қорықсаңцар, онда шынайы біліммен заттарды тани бастайсыңдар;
Егер Аллаһты лайықты түрде танысаңдар, дұғаларың арқылы тау орнынан қозғалады."
Имам Ғазали Хазіреті ілімнің шыңындағы кезін былай баяндайды:
"Ақыл" және шариғат ілімдерімен айналысып жүргенмін. Көп шәкірттерім бар еді. Халімді ойладым. Байқасам, көптеген пәлекеттер-дің ішінде қалыппын. Ілімдегі ниетімді ойладым. Аллаһ ризашылығы үшін емес, атақ-абырой, мәртебе араласқан екен. Жойылуға шақ қалғаныма көзім жетті. Шыңыраудың шетінде түрмын. Өз-өзіме:
"Қане, тездет, өмірің аяқталуға жақын. Жеткен ілімің ақиқатқа айналмайтын болса, бір алдамшы ғана болып қалады. Қазір қажетсіз байланыстарды үзіп, кедергілерді жоймайтын болсаң, ақырың не болады?"- дедім.
Сол кезде бір халге тап болдым. Дүние мен дүниелік адамдардан қашу және дүниелік қалаулар мен ақиреттік қалаулардың арасында таң-тамаша болып, алты ай алай-дүлей жылап күй кештім. Жүрегім сыздады. Әлсіздігімді көріп, түсіндім. Еркімнің құлдырағандығын байқадым.. Дауасыз дертке, шарасыз науқасқа тап болган адамдай, Аллаһқа жалынып, жалбарынып, мінәжәт еттім. Ақыры, Нәміл сүресінің 62-аятында:
"Қиыншылыққа тап болған адам дұға еткен кезде, оның дүғасын қабылдап, қиыншылыкты жойған..." - делінгені сияқты, Аллаһ Тағала дұғамды қабыл алып, жүрегімді оятты. Ішімдегі мал-мүлік, мәртебе құмарлығы жойылды. Бәрінен сырт айналдым.
Зікір, ұзләт, қылует, күрес, риязат, нәпсінің тазалығы мен ахлақтың кемелдігімен айналыстым. Аллаһқа қауышқандар мен һидайәт жолындағылардың, әсіресе тасаввуфшы болған үлылар екендігін илмәл яқин арқылы білдім. Еңтамаша мінез-құлық соларда. Өйткені, олардың ішкі-сыртқы халдері пайғамбарлық нүрынан алынған. Жер жүзінде пайғамбарлық нұрынан басқа нұр жоқ."
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді:
"Кімде-кім білімін арттырып, (сонымен қатар) дүниеде зүһд-тақуалығын арттырмаса, (Ол тек) Аллаһқа деген үзақтығын арттырған деген сөз. (Яғни Аллаһтан алшақтайды)..."
Сондықтан Хазіреті Мәуләнә парсаттылыққа жетпегендердің, яғни салих амал істемейтіндердің айтқан хикметті сөзін қарызға алған әшекейлі киімге ұқсатады.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
"Ішіне нұр кірген жүрек ашылып, кеңейеді, "-дегенде:
"Мұның белгісі не?" деп сұрайды.
Ол:
"Фәни дүниеден алыстап, мәңгілік ақирет өлкесіне көңіл бөлу және келмей тұрып, өлімге әзірлену, "-деп бұйырады.
Сахаба Зәйд бин Харисә (радиаллаһу анһу):
"Дүниенің нәпсілік қүмарлықтарынан бас тартқан кезде, күндізім сусыз, түнім үйқысыз өтетін халге жетті. Раббымның ғарышын айқын көргендей болдым. Бір-бірін зиярат еткен жәннәттықтар мен бір-біріне дүшпан болған жәһәннамдықтарды көргендеймін,"-деген.
Сәһл бин Абдүллаһтан:
"Сопы деген кім?"-деп сұрағанда:
"Жүрегі Аллаһ Тағалаға толған, тағдырды топыраққа айналдырған, алтын мен топырақгы тең санайтын адам, " - деп танымдаған.
Имам Ғазали Хазіретінен кейбір насихаттар:
"Аллаһтың берген нығметтерін Соның жолында қолдану - шүкіршілік, қаламаған жеріне жұмсау - күпіршілік."
"Бәле күнә мен күпірлікте. Нағыз бәле бәлекеттер емес. Ішінде сен білмейтін қайырлар бар."
"Бір сөз
айтқан кезде ойлан... Айтпаған жағдайда
жауапты болатын
болсаң айт... Әйтпесе,
үндеме!"
"Ақылды адам нәпсісіне былай деуі керек:
"Менің қорым тек өз өмірім. Шыққан демнің қайтіп келуі мүмкін емес. Бұл санаулы. Азайып бара жатыр. Олай болса, уақытыңды дұрыс жолда қолданбаудан да үлкен зиян бола ма?""
"Ертең өлетіндей, мүшелеріңді харамнан сақта!"
"Көзіңді аш! "Кейін тәубе етіп, салих амал жасаймын!"-десең, өлім одан да бұрын келуі мүмкін, соны ойла. Өкініп қаласың. Ертең тәубе етуді бүгін тәубе етуден оңай деп ойласаң, қателесесің."
"Бір адамның саудасы ақирет саудасына кедергі болатын болса, ол адам бишара, бақытсыз. Бұл бір қарапайым шөлмек үшін алтын бұйым берген сияқты."
Имам Ғазали Хазіреті адамның жеке басы өз нәпсісін тануы мүмкін еместігін былай түсіндіреді:
"Халықпен құлық сөзі бір түбірден туындайды. Түбірі жағынан біреуі сыртты, екіншісі ішті білдіреді.
Халық - сыртқы сезімдермен түсінілетін түр, керініс, бейне мағынасында.
Құлық болса адамның сыртқы түрінен білінбейтін құпия. Адамның негізгі түлғасын шынайы кім екендігін оның мінез-құлқы мен табиғаты керсетеді. Адам сыртқы көрінісі түрғысынан өзін қанша жасырса да, күндердің бірінде ішкі беті көрініп қалады."
Сыртқы көрінісімізді білу үшін айнаның қажет екендігі сияқты, ішкі жан-дүниемізді, мінез-құлқымыз бен қабілеттерімізді ұғынып, қажетті түрде емдеу үшін де әулиенің фәйіз - ұсыныстарына, яғни бізді тәрбиелейтін езімізді ішкі дүниемізбен таныстыратын КӨҢІЛ АЙНАСЫНА мұқтажбыз.
Бір адамның Хақ алдында лайықты болған-болмағанын білу үшін өзіне қарап, көңіліне үңілуі керек. Егер құл Аллаһты көңілінде қаншалықты сезініп, оның жаратқан сүлулықтарындағы құдіреті мен салтанатын көріп, қайран қалып, есі шықса, Аллаһ Тағала оған соншалықты жақын.
Сол үшін құл қандай жағдайда да нәпсі мен жүрек тазалығына мұқият болуы керек. Сонда ғана нүр көріністері арқылы көңіліндегі әуестіктерін күл қылатын көркемдік көріністері пайда болады!
Хақ Тағала былай дейді:
قَدْ اَفْلَحَ مَنْ تَزَكَّى